Қарағандыда ер адам ажырасқысы келген әйелін өлтіріп тастады

02.12.2023, 13:40
2227
Қарағандыда ер адам ажырасқысы келген әйелін өлтіріп тастады ашық дереккөзден

Ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

SmartNews сайтының хабарлауынша, 26 мамырда ресми түрде ажырасқан соң ер адам АХАЖ-да экс-әйеліне екі рет пышақ сілтеген, жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Қарағанды облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы қылмыстық іс бойынша қаскөйге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы zakon.kz сайты жазды.

Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға екі бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, адам өлтіру және суық қаруды заңсыз түрде алып жүру.

2023 жылы 26 мамырда Ботақара ауданының АХАЖ ғимаратында ер адам мен оның бұрынғы әйелі арасында жанжал туындаған. Содан кейін ер адам аңшылық пышақты суырып алып, әйелдің шап аймағы мен сол жақ бұғана астына екі соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасында ес жимастан көз жұмды. 

"Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, заттай айғақтармен, сараптама қорытындылары және басқа іс материалдарымен дәлелденді. Соттың үкімімен сотталушы адам өлтіргені және суық қаруды заңсыз түрде алып жүргені үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа мекемесінде белгіленді. Сотталушының жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында. 

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты