898

Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Талапкерлерге сәттілік!

Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Ғылым және жоғары білім министрлігі

SmartNews сайтының хабарлауынша, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.

Емтихан бүгін басталып, 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляция бере алады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде:

«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1758 грант,

«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант,

«Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант бөлінген.

Материал авторы