"5 пайыз ғана": Елімізде жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

02.12.2023, 15:31
1018
"5 пайыз ғана": Елімізде жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды the-steppe.com

Ғалымдарға үй беріледі

SmartNews сайтының хабарлауынша, жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ғалымдардан заем алу туралы өтініштер қабылдайды. Бұл туралы Otbasy Bank жазды.

Бағдарлама ғылыми ұйымдар мен жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына 5 жыл бойы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндігін береді.

Ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологиялар еліміздің экономикалық өрлеуінің маңызды факторы болып табылады. Жаңа технологияларды жасап, онымен жұмыс істей алатын кадрларды дайындаудың да маңызы зор. Бұл рөл ғалымдарымызға жүктелген. Аталмыш кәсіптің беделін көтеріп, қолдау көрсетуіміз керек. Ғалымдарымыз күнделікті мәселелерді ойламай, ғылымға ден қоюы үшін біз өз тарапымыздан оларға баспана мәселесін шешуге көмектесуге дайынбыз. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Отбасы банкінен жылдық мөлшерлемесі 5%, ең төменгі 10%-дық алғашқы жарнамен несие алуға мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосып жатырмыз, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Министрлiк, қызметкерлерi жеңiлдетілген шарттармен заем ала алатын ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тiзімін қалыптастырып, банкке ұсынады. Ал қатысушылар пулын жұмыс беруші белгілейді.

Ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары қол қойған жолдаманы алған бағдарламаға қатысушылары төлем қабілеттілігін бағалату үшін банкке жолдама алады.

Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның жылдық мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2% бастап) беріледі. Алғашқы жарна 10%-дан 50%-ға дейін болады. Бағдарламаға қатысушысына берілетін ең жоғары заем сомасы 20 млн теңгеге дейін.

Ғалымдарды несиелендіру бағдарламасына қатысушысы 40 жастан аспауы тиіс. Оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген