Түркістан облысында 42 қылмыстық іс бойыша іздеудегі ер адам ұсталды

04.12.2023, 14:06
928
Түркістан облысында 42 қылмыстық іс бойыша іздеудегі ер адам ұсталды polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен алаяқтық жасайтындар көбейген.

Осы тұрғыда Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының “CyberPol” тобының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Мәселен облыс тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу әлеуметтік желідегі парақшасына бұзып кіріп, атын пайдаланып, таныстарынан ақша сұрап алып, 55 мың теңге шығын келтіргенін жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жан-жақты жүргізілген тексерулер нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол жұмыссыз, Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. 

Полиция бөліміне жеткізілген жас жігіттің, Астана қаласының сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оның жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Полиция тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екенін жеткізеді.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты