Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатын жасады

04.12.2023, 18:54
799
Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатын жасады polisia.kz

Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатын жасады,. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

2023 жылдың 1 желтоқсанында сағат 4:30 шамасында Дихан-2 ауылының жанындағы Тараз – Сарыкемер – Мырзатай автожолында жол көлік апаты орын алды.

Мас күйде көлік басқарған 26 жастағы ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. Көлік апаты салдарынан көлікте болған 27 жастағы жолаушысы Байзақ ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.

"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігімен (Автокөлікті басқаратын адамның абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жүргізуші қамаққа алынып, тергеу сотымен 2 айға санкцияланды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Бапқа сәйкес осы қылмысты жасағаны үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

2023 жылдың 11 айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 725 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды