Оралда тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды
Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.
БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.
«Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады», деп хабарлады ведомстводан.