"Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған

06.12.2023, 13:46
6968
"Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған dinatansari

2006 жылы күйеуі әйелін той кезінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған. Әйел күйеуімен биыл ғана ажыраса алған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі

Әйел адамның 17 жыл бойы ажырасып кете алмауының бірнеше себебі болған. Яғни күйеуі әйелін, үш баласын өлтіремін деп, анасының үйін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Әйелін соққыға жығып, қақаған аязда далаға қуып шығып, зорлаған. Әйел адам аспаз болып жұмыс істеп жүрген, одан бөлек, кез келген жұмысты істеп кете беретін. Ал күйеуі тапқан табысын тартып алып отырған. 

Әйел адам әр күн сайын банкаға ақша салып отыруы қажет болған. 

Сот балаларды әкесімен қалдырған. Себебі ер адам алаяқтық жолмен үйді өз атына аударып алған. Ал шындығында ол үйді салу үшін учаскені әйел адам өзі сатып алған. Анасының көмегімен үйді әйелдің жақындары салып берген. 

Қазір әйел адам анасымен бірге Алматы облысында тұрады. Алайда ол балаларымен кездесе алмайды. Кездесу белгіленген күндері ер адам балаларды алып кетеді екен. Әйел адамның денсаулығы алған жарақаттары салдарынан нашарлап барады. 

Әйел адамның әпкесі қордан көмек сұраған. Бұған дейін Қарасай ауданының прокуратурасына барған кезде ешқандай әрекет жасалмаған екен. Полициядан да қайыр болмаған. 

Дина Таңсәрі жәбірленуші әйелге жақсы адвокат тауып беру керегін айтқан. 

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды