652

Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді

Мегаполис аумағында 4-8 желтоқсан аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді
polisia.kz

Шараның екі күнінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары бірлесіп, берешегі бар көлік тізгіндеушілерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат өндірді.

Сондай-ақ қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұраққа қойылды. Мәселен, күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығынан шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды.

Көлік бірден айыптұраққа қойылды.