ШҚО-да әкімдік жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеп, жарық бағанасына соғылды

07.12.2023, 17:58
669
ШҚО-да әкімдік жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеп, жарық бағанасына соғылды canva.com

Шығыс Қазақстан облысында мас күйде рульге отырып, жарық бағанасына соғылған Катонқарағай ауданындағы әкімдіктің көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

Катонқарағай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, ауылдық округтердің бірінде әкімдікте көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам 4 желтоқсан күні алкогольді ішімдік ішіп алып, рульге отырған.

Соның салдарынан ол рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бірақ ауылдық округ әкімдігіне материалдық шығын келтірілген. Жүргізуші келтірілген шығынды өз еркімен толықтай өтеді. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді