Талғарда оқушыны қорлаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

07.12.2023, 20:48
1041
Талғарда оқушыны қорлаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды inform.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің бірінде балаға дөрекі мінез көрсеткен мұғалімнің видеосы тарады, деп хабарлайды Kazinform.

 

Видеоға сенсек, Талғар қаласында балалардың ата-аналары жеке мектептің үстінен шағымданған. Олар оқу орнында балаларға физикалық және эмоционалды  зорлық-зомбылық көрсетілетінін мәлімдеді.

«Балалар зорлық-зомбылық жағдайлары, оның ішінде шаштан тартып, итеріп, педагогтердің дауыс көтеретінін айтты» делінеді постта. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Талғар қаласында орналасқан «Космо» мектебінде болғанын хабарлады.

Мектептің білім беруге ешқандай лицензиясы жоқ екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Талғар полициясы ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған. 

«Алматы облысы полиция департаменті бастығының жеке нұсқауымен оқиғаның мән-жайын толық анықтау, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар жүріп жатыр. Өзге ақпарат қосымша хабарланады» деп хабарлады полиция.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды