Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды

08.12.2023, 11:25
2630
Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды polisia.kz

Полицияның арқасында қыз аман.

SmartNews сайтының хабарлауынша, әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны жайында видео тарады. Дер кезінде жетіп келген Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамның қолынан аман алып қалды.

7 желтоқсан күні Семей қаласында учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысына дер кезінде ден қойды. Қыздың даусы шыққан жерге жеткен полиция қызметкері азиялық келбеті бар ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрді. Учаскелік полицей қызды ашулы, мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғайтынын білдірді.

Анықталғандай, бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағын ауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған.

Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраевтің уақытылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. 

Абай облысы полиция департаменті ата-аналарды ерекше қырағылық танытуға және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды