6181

"Нағашы боп жатырмыз": Төреғали Төреәлі қарындасының қыз туғанына қатысты әзілдеді

Әнші көрермендеріне ықыласын жаудырды.

"Нағашы боп жатырмыз": Төреғали Төреәлі қарындасының қыз туғанына қатысты әзілдеді
жеке Instagram парақшасынан

SmartNews сайтының хабарлауынша, әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасы Фаризаның босанып, өзінің жиенді болғанын айтып, халықпен қуанышын бөлісті.

"Баяғыда бір жеңешеміз "Тым жақсы ұл туайын деп жатыр едім, улап-шулап қыз туғыздыңдар ғой" деген екен.

Қуанышымызды бөлісіп, құттықтап жатқан ағайын, Алла бақтарыңызды еселей берсін!

Алланың қалауымен нағашы болып жатырмыз!

Аллахым салиқалы сәби берсін, сәби құран жаттаған қари болсын, уа ағайын Дархан мен Фаризаның, осы бір қуанышын әр үй көрсін", - дейді әнші.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор