ҚазҰУ-да Қытай университеттерінің көрмесі өтті

08.12.2023, 18:11
608
ҚазҰУ-да Қытай университеттерінің көрмесі өтті gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай университеттерінің көрмесі өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шараны ҚазҰУ мен ҚХР стипендиялық кеңесі және Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығы ұйымдастырды.

Көрмеде Қытайдың 45-ке жуық ең үздік университеті академиялық қызметі туралы ақпарат беріп, ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ білім алушы жастарға халықаралық бағдарламалар арқылы оқуға түсу мүмкіндіктерін таныстырып, қабылдау ережелерін түсіндірді.

Көрменің ашылуына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР ғылым және жоғары білім Вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Қытай стипендиялық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Тьян Лулу, ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Цзян Вей, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Қытай және Қазақстан ЖОО-ларының басшылары мен білім алушы жастар қатысты.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, шараның табысты өтуіне тілектестік білдірді.

«Қазақстан мен Қытай мемлекетаралық тығыз қарым-қатынас пен халықаралық байланыстың жаңа деңгейіне қадам басты. Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Қытайға екі рет ресми сапармен барып, бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Президент өз сөзінде атап өткендей, бүгінгі таңда екі ел арасында ынтымақтастықтың алтын 30 жылдығы басталды. Сауда-саттық, мұнай-газ, көлік-транзит және жоғары технология салаларындағы жан-жақты ықпалдастық артып жатыр. Соның ішінде ғылым және жоғары білім саласында бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда», – деді Мәлік Отарбаев.

Өз кезегінде Дархан Ахмет-Заки ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқып берді.

Құттықтау хатта: «Қазіргі таңда жоғары білім беру саласында Қытай мен Қазақстан серіктестігі тарихи мүмкіндіктерге, кең және келешегі зор жобаларға толы. Бүгінгі қара шаңырақ ҚазҰУ-да өтіп жатқан көрме осының айқын көрінісі. Ұйымдастырылған көрме ғылым мен білім беруді дамытуда да үлкен маңызға ие. Сондай-ақ қос мемлекет арасында студенттер алмасуға, тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді», – делінген.

Жиында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, Қытай университеттері көрмесінің ҚазҰУ-да өтуі Қазақстанның білім, ғылым саласындағы елеулі оқиға екенін атап өтті. Шара барысында Стипендиялық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Тьян Лулу Қытай ЖОО-ларының соңғы онжылдықтағы жетістіктерін таныстырды.

Көрменің ашылу салтанатында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вей:

«Көрме қазақ жастарына халықаралық бағдарламалар арқылы Қытай университеттеріне оқуға түсуге жол ашады деп санаймын. Биыл «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 10 жыл толып отыр. Осы бағдарлама негізінде Қазақстан мен Қытай серіктестігі дамып, түрлі салаларда нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар Қытай университетінің филиалы Қазақстанда алғаш рет ашылуы және Қытай университеттерінің көрмесі тұңғыш рет Қазақстанда өтуі тарихи оқиға деп есептеймін», – деді. Жиын соңында қатысушылар көрмені аралап, Қытай мен Қазақстан делегациясы шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды