Полицейлер малшының құны 12 млн теңге болатын 31 жылқысын тауып берді

09.12.2023, 13:29
1576
Полицейлер малшының құны 12 млн теңге болатын 31 жылқысын тауып берді видеодан алынған кадр

Оқиға Қарағанды облысында болған.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Қарағанды облысының аумағында мал ұрлығының алдын алуға байланысты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мәселен Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына шаруа қожалық иесі арызбен шағымданды. Ол, жайылымнан бір жылқысының ұрланғаны туралы хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құраған. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 пен 40 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1 бабына (Мал ұрлығы) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылықтары анықталды. Белгілі болғандай, күдіктілер осы шаруа қожалық иесінен 2020 жылы құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап әкетсе, 2022 жылы 1 миллион теңгенің жылқысын қолды қылған. Ең бастысы тәртіп сақшылары барлық деректер бойынша жәбірленушіге жылқыларын тірідей қайтарды. 

Сондай-ақ Қарқаралы аудандық полиция бөліміне 50 жастағы шаруа қожалық иесінен арыз түсті. Белгілі болғандай, осыдан екі апта бұрын оның жалпы құны 11 млн 850 мың теңге болатын 31 жылқысы жоғалып кеткен. Алғашында ол жылқыларын өзі іздеп, таба алмаған соң полицияға арызданған.

 – Келесі күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған үйір жылқы далада жайылып жүрген жерінен табылды. Екі апта ішінде жоғалған жылқылар 80 шақырымға алыстап кетіп, көршілес Шет ауданының аумағында жайылып жүрген.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицияда мал мен жылқыны ұрлау туралы 37 өтініш тіркелді, олар кейіннен табылды. Осылайша, өтініш берушілерге 227 жылқы, 27 бас ірі қара және 356 бас ұсақ мал қайтарылды. Егер мал жоғалу, ұрлану болса, оқиға туралы дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймын, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды