Қар жауған соң СҚО-да 14 лауазымды тұлға жазаланды

10.12.2023, 18:51
621
Қар жауған соң СҚО-да 14 лауазымды тұлға жазаланды sqo_pd

Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік полицейлер қыс басталғалы автожолдар мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді.

SmartNews сайтының хабарлауынша, автомобиль жолдарындағы қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасау – әкімшілік полиция бөліністерінің міндеттерінің бірі. Қыс басталысымен жол қызметтері жұмыстарын күшейтті. Олардың қызметін бақылау және қадағалау – әкімшілік полиция басқармасының құзыретінде. 

Солтүстік Қазақстан облысы ішіндегі және елді мекендердегі көше-жол желісін күтіп ұстау жұмыстарына 500-ге жуық техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы әкімшілік полицейлер жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Оның барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін 65 кемшілік анықталды, - делінген СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 54 ұйғарым беріліп, жолдарды күтіп ұстауға жауапты 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қар жауған соң жол қызметтері бірден тиісті жұмыстар жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар жіберілген.

СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қаланы қардан тазартатын техникаларға кедергі келтірмес үшін, жүргізушілерден автокөліктерді жол жиегіне қалдырмауды сұрайды.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған