Ақмола облысының полицейлері алимент төлемеген ата-аналарды анықтады

12.12.2023, 14:19
672
Ақмола облысының полицейлері алимент төлемеген ата-аналарды анықтады canva.com

Ақмола облысының полицейлері алимент төлемеген ата-аналарды анықтады.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, осы жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысы ПД-да екі ақмолалыққа қатысты Красный яр ауылы мен Қарағанды облысының тұрғындарынан өтініш келіп түсті.

Олар ұзақ уақыт бойы Ақмола облысының бұрынғы ерлі-зайыптылары, кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтынын хабарлады.

Бірінші жағдайда, 32 жастағы ақмолалықтың 12 жастағы ұлын асырау бойынша қарызының сомасы 2 млн 138 мың теңгені құрайды. Екінші жағдайда, тағы бір әке өтініш берушінің айғағы бойынша 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент төлемейді, ер адамның берешегі 1 млн 138 мың теңгені құрайды.

"Екі факті де ҚР ҚК-нің 139-бабы 1-бөлігі (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген",- делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға міндетті. Үш айдан астам уақыт алимент төлемеген борышкерге ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу, сондай-ақ лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды иеленуде, мысалы, автомобиль көлігін жүргізу құқығын беруде уақытша шектеу белгілеу түріндегі қосымша мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqmola-oblysynyng-politsejleri-aliment-tolemegen-ata-analardy-anyqtady/

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)