9-20-25 және 7-20-25 бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы қандай

13.12.2023, 13:26
824
9-20-25 және 7-20-25 бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы қандай canva.com

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылы іске қосылатын «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттарын түсіндірді. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

«9-20-25» бағдарламасында үміткерде соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек деген шарт жазылады», — деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, «Отбасы банк» басшысына жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосқанда «7-20-25» бағдарламасында жіберілген қателіктер ескеріле ме деген сұрақ қойылды.

«Біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Себебі, Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының адал әрі ашық болуына зор үлес қосады деп санаймыз. Егер объектіде ҚТҮК кепілдігі болса, нысан құрылысы толық аяқталады. Біз „9-20-25“ бағдарламасына тек дайын тұрғын үй ғана емес, ҚТҮК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үй де қатысуы керек деген ұсынысты қолдаймыз», — деді Ләззат Ибрагимова.

Спикер банктің құрылыс салушылармен жиі кездесетінін және қосымша мәселелерді біліп отыратынын айтты.

«Мысалы, „7-20-25“ бағдарламасына қатысу саны бойынша шектеулер болған жоқ. Яғни, клиент 2019 жылы пәтер сатып алып, баспана бағасының өсуін пайдаланып, оны сата алды және 2021 жылы қайтадан ипотекалық бағдарламаға қатыса алды. Бұл бағдарламада оған тыйым салынады. Адам тек бір рет қатысады. Бұдан басқа, „9-20-25“ бағдарламасында өтінім беру кезінде 5 жыл бойы тұрғын үй болмауы тиіс. Бұл бағдарламада, сондай-ақ жас ғалымдар бағдарламасында қатаң шарттар бар. Біз мұны мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз», — деп толықтырды «Отбасы банк» басшысы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды