Жетісу облысының құтқарушылары жүкті әйелді қар құрсауынан құтқарды

14.12.2023, 20:27
541
Жетісу облысының құтқарушылары жүкті әйелді қар құрсауынан құтқарды gov.kz

2023 жылғы 14 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына,  көрінудің нашарлауынағ боранға байланысты «Үшарал-Достық» автожолында Достық бекеті жағынан 8-ге жуық жүк және 5 жеңіл автокөлік, Ақши ауылы жағынан 2 жүк және 2 жеңіл автокөлік тұрып қалды.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған автокөлікті жолдың  тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды, көлікте толғатып отырған 1989 жылы туған жүкті әйел болған. Эвакуациядан кейін автокөлік Үшарал қаласының перзентханасына жол тартты.

Қазіргі уақытта қар құрсауынан 43 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Авариялық- құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райына қатысты мәліметтерді оқып отыруға кеңес береді. Дауылды ескерту туралы хабарламаларға құлақ асып, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар. Алыс жолға шықпас бұрын, Қазавтожолдың ресми сайтындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратпен танысыңыздар.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол