Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары 800-ден астам адамды құтқарды

14.12.2023, 20:50
585
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары 800-ден астам адамды құтқарды gov.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатты аязда және боранда елдегі барлық төтенше жағдайларға тәулік бойы және жедел әрекет етеді.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Үш тәулік ішінде ТЖМ күштері 1000-нан астам адамды, оның ішінде 86 баланы құтқарды.  583 өрт сөндіріліп, 263 авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Тек өткен тәуліктің ішінде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, әскери қызметшілермен және жол қызметтерімен бірлесіп 887 адамды құтқарды.

Ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалысқа шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында «Челябинск-Новосибирск» республикалық маңызы бар автожолында дизель отынының қатып қалуы салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан жолаушылар автобусы тоқтап қалды. 31 жолаушы жылыту пунктіне орналастырылды.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының учаскесінің жабылуына байланысты автокөліктер кептелісі орын алды. Тоқтап тұрған көлік құралдарынан 392 адам құтқарылды. Оның 221-і теміржол көлігімен жөнелтілді. Қалған жолаушылар екі жылыту пунктіне орналастырылды.

Сонымен қатар, Қордай ауданында қарға батып қалған автокөліктерден 165 адам құтқарылып, жылыту пункттеріне жеткізілді.

Түркістан облысында ТЖД күштері қар борасынынан 287 адамды құтқарды, олар үйлеріне, теміржол вокзалына жеткізілді немесе жылыту пункттеріне орналастырылды.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың құтқару топтары қолайсыз ауа-райында мал бағуға және мал іздеуге шыққан алты адамды тапты.

Қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық ақпаратты, ауа-райының нашарлауы туралы арнайы хабарламаларды, жолдардың жабылуын, дауылды ескертулерді үнемі қадағалап отыру қажет.

Аязды күндері пештерді қыздыру, жылытқыштарды пайдалану, электр жүйесін жүктеу және басқалар салдарынан өрт қаупі артады.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.  Өрттің алдын алу үшін жылыту жүйелерінің, электр жабдықтарының дұрыстығын қадағалаңыздар, пештерді қыздырмаңыздар және жоғары қуатты құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр жүйесін шамадан тыс жүктемеңіздер.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты