601

Жамбыл облысында күн райына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Жолдар жабылып, құтқару жұмыстары бойынша жедел штаб құрылды.

Жамбыл облысында күн райына байланысты төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзден

Шу ауданында қатты жел мен қалың қар салдарынан электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлаған. Жалпы облыстың 4 ауданындағы 32 елді мекенде 8882 адам жарықсыз қалғаны айтылды.

Соңғы екі күнде өңірде қар құрсауынан 2413 адам құтқарылған. Оның 90-ы бала. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Материал авторы