"Енді бізді күтіңдер": әнші Мақпал Жүнісова ұшақтан түспей қойды

Аиса Махамбет Редактор
15.12.2023, 16:51
2590
"Енді бізді күтіңдер": әнші Мақпал Жүнісова ұшақтан түспей қойды видеодан алынған кадр

Рейсті кешіктіргені үшін Мақпал Жүнісова ұшақтан түспеді.

Smart News басылымының хабарлауынша, әнші Мақпал Жүнісова Алматыдан Астанаға ұшып келер сәттегі келеңсіз жағдайға қатысты ренішін білдірді.

"Рейсті ауыстырып жіберді. Бір сағат болды күтіп отырғанымызға. Жоқ пассажирді үш рет іздеді. Алты адамды іздеп жатыр", - деді әнші жариялаған видеода.

Әншінің айтуынша, борт қызметкерлері 5 жолаушыны іздеп, ұшақты ұшырмай қойған

"Бір сағат ұшақта отырмыз, бес жолаушы жетіспейді дейді,олар келмейінше ұшпаймыз дейді,ана жолы мен бес минут кешіккегде ұшаққа жібермей қойып еді,дым түсінсем бұйырмасын,8.45те ұшатын ұшақ әлі тұр ұшпай", - деп жазған.

Ұшақ 2 сағатқа кешігіп барып, Астанаға қонған уақытта әнші тағы бір жазба қалдырды. Онда Мақпал Жүнісова ұшақтан түспеймін деп қиғылық салды.

"Шай беріңдер бізге. Кешірім сұраңдар. Бір ұйықтап алдық. Бірақ жүйке тозып бара жатыр. Самаурынмен шай бермесеңдер, шықпаймыз. Енді бізді күтіңдер", - деді әнші парақшасындағы кезекті видеосында.

Әншінің тыңдармандары желідегі парақшасында үлкен қолдау білдірді.

"Бар адамды күтпеуші еді ғой,кешіктің деп", "Қазақстанның халық әртісі ғой. Мақпалды білмейтін адам жоқ. Неге олар өткізбейді?! Іштарлықпен әдейі істеген шығар. Ал мыналары керемет біреулер шығар кешігіп келе жатқан дөкейсымақтары", "Не деген әділетсіздік десеңізші" - деп пікір қалдырған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды