"Шымкентте ондай бар": әнші Айдар Тұрғамбек сыңсу айтатыны рас па?

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2023, 11:43
1578
"Шымкентте ондай бар": әнші Айдар Тұрғамбек сыңсу айтатыны рас па? smartnews.kz

Айдар Тұрғамбек қыз ұзатуда неге қалыңдықты шығарып салып жүр?

Smart News басылымының хабарлауынша, "Айналайын" бағдарламасына барған "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Тележүргізушінің "Сыңсу айтып, қызды шығарып салатыныңызды көрдік. Өзіңіз айтыңыз, қалай басталды?" деген сұраққа әнші өз жауабын берді.

"Сыңсу деген қыздың өзінің айтатыны ғой, ұзатылып бара жатқанындағы әні. Бізде оңтүстікте кеңінен тараған дүние сыңсу. 

Бұрындары негізі той деген болмаған ғой. Қызды үйінен шығарып салатын болған. Сонда ағасы қарындасына арнаған әні болатын. Бізде әлі бар. 

"Ашқан жұмыртқадай аппақ көркің, өзіңдей қарындасты қайдан табам?!" деген ескі әндерді ағалар қарындастарына арнаған", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші Айдар Тұрғамбек қызды әнмен шығарып салуды дәстүрге айналдырған Жазира Байырбекова бастағанын айта кетті.

"Беріде қыздарды алғаш шығарып бастаған Жазира болды. Бәрін Жазира бастады. Жазира "маған солай шық деп айтты, содан қызды қолынан ұстап шығару дәстүр сияқты қалып қойды" деді. 

Шымкентте әкенің қызына, ағаның қарындасына арнаған әндері болушы еді. Бірақ қыздың қызға арнаған әні жоқ еді", - деді әнші.

"Сізге осы үшін қарсылықтар, сын-ескертпелер болды ма?" деген сұраққа Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде сын астында қалғанын еске алды.

"Иә, ескертпелер болды. Бірақ мен онсыз да сол тойға ән айтуға барсам, әнмен қызды шығарып салсам да болады ғой. Мен қызды қолынан ұстап шығарып салып жатқан жоқпын. Тек ағалық ниетпен, "Тілек" деген әнімді сахнада айтып тұрамын, ал қызды жеңгелері ұстап шығарып салады" - дейді Айдар Тұрғамбек. 

 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты