Ақмолалық полицейлер құны 30 млн теңге 103 жылқыны иелеріне қайтарып берді

16.12.2023, 13:46
879
Ақмолалық полицейлер құны 30 млн теңге 103 жылқыны иелеріне қайтарып берді AP Photo / Michael Probst

Бір апта табылмаған 103 жылқы табылды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының бірнеше тұрғынына тиесілі жылқы табынының жоғалғаны туралы арыз 12 желтоқсанда полиция бөліміне келіп түскен. Иелерінің айтуынша, жайылымда жүрген 103 жылқы 5 желтоқсанда жоғалып кеткен, алайда бір апта ішінде ауыл тұрғындары өз күштерімен іздеп, содан кейін ғана полициядан көмек сұраған.

Ақмолалықтар шығынды 30 млн теңгеге бағалаған.

"Жәбірленушілердің өтініші тіркелді, ал аса ірі залалды ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғалған жылқыларды іздеу үшін полицейлер жедел шаралар қабылдады, криминалдық полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің арасынан арнайы топтар құрылды. Іздеу іс-шараларына ТЖ қызметкерлері мен иелерінің өздері қатысты, түрлі автомобиль техникасы пайдаланылды, сондай-ақ полиция департаментінің дронымен да іздеу жүргізілді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бұл күндері өңір аумағында қатты аяз болды, топтар тәулік бойы тек Сандықтау ауданының аумағында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздеу іс-шараларын жүзеге асырды. Сондай-ақ полицейлер жедел іс-шаралар кешенін өткізді: мал басы мен ет өнімдерін сатумен айналысатын адамдарды тексерді, ет базарлары, ет комбинаттары және басқа да сауда орындары назардан тыс қалмады" - делінген полиция хабарламасында.

Автожолдарда қосымша блокбекеттер қойылып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын автокөліктерге тексеру жүргізілген.

Осылайша қабылданған шаралардың нәтижесінде 14 желтоқсанда жоғалған жылқылардың барлығы жоғалған жерден 30 шақырым жерде табылып, иелеріне қайтарылған.

Белгілі болғандай, ұрлық фактісі расталмаған, әрі осыған байланысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылған.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)