Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Асқар Мамин Ресейде жүр

16.12.2023, 18:18
890
Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Асқар Мамин Ресейде жүр видеодан алынған кадр

Саяси сахнадан жоғалып кеткен Асқар Мамин Санкт-Петербургте бой көрсетті.

«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин көзге көп түсіп жүрген жоқ. Жылы креслосынан айырылса да хоккей федерациясының президенті лауазымынан бас тартпаған сияқты. Бүгін ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Бірінші арна кубогы» турнирінде төбе көрсетті. Бұл туралы Ulysmedia.kz басылымы жазды.

Турнир аясында Қазақстан ұлттық құрамасы «ЖХЛ жұлдыздары» командасын 3:1 есебімен ұтты. Отандастарын қолдауға келген Маминнің жүзінен ешқандай алаңдаушылық байқалмайды. Несіне алаңдасын?!

Бұған дейін Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығарған еді.

Еске салайық, Асқар Мамин премьер-министр болып 2021 жылдың 15 қаңтарында тағайындалған болатын. Бір жылдан кейін, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Президент Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды