Парижде ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығында қазақстанның Pisa-2022 нәтижелері талқыланды

17.12.2023, 10:54
663
Парижде ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығында қазақстанның Pisa-2022 нәтижелері талқыланды gov.kz

«PISA-2022: Еуразия елдеріне арналған сабақтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында оқушылардың білім құзыреттіліктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның оң нәтижесі атап өтілді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Іс-шара Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы мемлекеттердің жыл сайын Парижде өтетін жоғары деңгейдегі басқосуы болып табылатын ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы аясында өтті.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Қазақстанның PISA–2022 зерттеуіне қатысуы туралы баяндамасын дөңгелек үстелде ҚР Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов таныстырды. Онда Қазақстанның PISA нәтижелерінің жақсаруына Мемлекет басшысының қолдауымен білім беру саласындағы аса маңызды бастамаларының жүзеге асырылуы ықпал еткені айтылды. Білім беру ұйымдарында жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу, педагог статусын нығайту, оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану PISA рейтингінде Қазақстан позициясының өсуінің негізгі факторларына айналды.

Білім беру және дағдылар жөніндегі ЭЫДҰ Директоратының аға кеңесшісі Элизабет Фордам COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін PISA көрсеткіштерінің жаһандық төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның математикалық есептерді шығару және оқу дағдылары бойынша бағалау көрсеткіштерін сақтап қалғанын, сондай-ақ жаратылыстану пәндері бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, PISA-ға қатысу және ұлттық білім беру жүйесін жетілдірудегі Қазақстанның жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы басқа мемлекеттер үшін де пайдалы болуы мүмкін. Кездесуде сондай-ақ Молдова мен Армения елдерінің өкілдері де баяндама жасады.

ЭЫДҰ экономикалық дамудың, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік реформалардың, оның ішінде білім беру саласы бойынша жоғары стандарттарымен танымал беделді халықаралық ұйым болып табылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды