Балаларына 4 млн теңге алимент қарыз ақтөбелік еркек сотталды

17.12.2023, 15:08
809
Балаларына 4 млн теңге алимент қарыз ақтөбелік еркек сотталды sputnik

Ол 2015 жылдан бері алимент төлеуден қашып жүрген.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қобда аудандық сотында балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сотқа берілген (ҚК 139-бабы) А.-ға қатысты үкім жарияланды.

Қобда аудандық сотының баспасөз қызметінің дерегінше, сотталушы 2014 жылы заңды некеге тұрған. 2015 жылы неке заңды түрде бұзылып, кәмелетке толмаған екі баласы анасының тәрбиесінде қалған. Соттың бұйрығымен алимент өндірілгенмен, алимент төлеу жөніндегі міндеттерін сотталушы орындамаған. Осылайша ол 2022 жылы соттың қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылса да, алимент төлеуден қашып, жұмысы мен табыс көзі туралы мәліметтерді сот орындаушысына хабарламаған.

Балаларына материалдық көмек көрсетпеген сотталушының алимент бойынша қарызы 4 миллион теңгеден асқан.

Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап, өкінетінін, алдағы уақытта балаларын күтіп-бағуға алимент төлейтінін көрсетті. Ал балалардың анасы сот отырысында 2019 жылдан бері сотталушы алимент төлемегенін, қазіргі таңда оны кешіретінін көрсетті. Азаматтық талап қойылмаған.

Сотталушының кінәсі өз мойындауымен қатар, куәлардың жауаптарымен және басқа да айғақтармен өз дәлелін тапты.

"Қылмыстық кодекстің 139-бабының санкциясы алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасын көздейді.

Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғанға пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеуден жалтарған жағдайда, бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылатыны түсіндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

«Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО)