Тәуелсіздік күніндегі қос жеңіс: Данияр Елеусінов пен Шавкат Рахмонов жекпе-жекте жеңіп шықты

17.12.2023, 15:34
1075
Тәуелсіздік күніндегі қос жеңіс: Данияр Елеусінов пен Шавкат Рахмонов жекпе-жекте жеңіп шықты коллаж smartnews.kz

"Көк туымыз желбірей берсін" дейді боксшылар.

Smart News басылымының хабарлауынша, Астанада Данияр Елеусінов, Лас-Вегаста Шавкат Рахмонов жекпе-жекке түсті.

Астанада IBA Champions' Night өтті. Олимпиада және Әлем Чемпионы Данияр Елеусінов екі жылдық үзілістен соң рингке оралып, жеңіске жетті. Елеусінов оңтүстікафрикалық Джабулани Макхенсеге қарсы шықты.

"Рингке оралғаныма өте қуаныштымын. Қолдауларыңызға рахмет!!! Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!", - деді Данияр Елеусінов.

Ал ертең, яғни 18 желтоқсан күні 16:30-да елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Сондай-ақ 16-нан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста UFC 296 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездесті.

Лас-Вегастағы жекпе-жекте бой көрсеткен Шавкат Рахмонов екінші раундта-ақ қарсыласын сұлатып салды. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті. Спортшы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.

"Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ Елі, жеңіспен! Көк туымыз желбірей берсін!"- деді Шавкат Рахмонов.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді