878

Қайрат Сатыбалды түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды

Босатылатыны қауесет пе?

Қайрат Сатыбалды түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды
sputnik

Smart News басылымының хабарлауынша, ШҚО сотында Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының “бас бостандығынан айыру” жазасын “шартты түрде мерзімінен бұрын босату” жазасына ауыстыру туралы өтініші қаралған.

BES.media-ның дерегінше, судья Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген еді. Сол жылы қыркүйекте 6 жылға сотталды.

Материал авторы