Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Полиция тас жолда сақ болуға шақырады.
Smart News басылымының хабарлауынша, оқиға 19 желтоқсанда сағат 8:30 шамасында Құрылыс ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында болды.
Toyota Alphard автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.
Салдарынан Toyota автокөлігінің жолаушылары, ер адам және екі 2007 ж.т. оқушы оқиға орнында қаза тапты.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші