Smart News басылымының хабарлауынша, әнші Нұрлан Өнербаев "Білген дұрыс" youtube-арнасына берген сұхбатында Тұңғыш Президенттің қасында жүріп, бірнеше мерекелік кеші мен туған күнін жүргізгені айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.
"Тұңғыш Президенттің қуаныштарында болғаным рас. Онда да өнерпаз ретінде, өнерімді бағалап, кештерге мені шақыратын. Тіпті алыста, сыртта жүрсем де шақыртып алдыртатын. Туған күн, мерейтойларына шейін іздеп тауып алып, жүргіздім, өткіздім, қасында жүрдім. Менің де көзқарасым бар. Жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайыз болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне көзім жетеді. Сол ортада жүрген кезде көңілім адал болды, сендім. Сол кісілердің, сол ортаның елдің мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Соншалықты алданып жүргеніме, сенгеніме өкінемін. Жамандағым келмейді", - деді әнші.