724

Атырау облысында екі кәсіпорынға 10,7 миллиард теңге айыппұл салынды

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Атырау облысында екі кәсіпорынға 10,7 миллиард теңге айыппұл салынды
canva.com

​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген Атырау облысының прокуратурасы ұсынған баспасөз баянында.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.