Қазақстандықтар қандай жағдайда кредит төлеуден босатылады

20.12.2023, 14:10
730
Қазақстандықтар қандай жағдайда кредит төлеуден босатылады canva.com

Мәжіліс қарауына енгізілген заң жобасында кредит алудан алдын ала және ресми түрде бас тартқан қазақстандықтарды алаяқтар рәсімдеген қарыздан босату туралы норма қамтылған. Осы орайда депутат Берік Бейсенғалиев жаңа заң жобасында ескерілген осы нормаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

 

«Адамдар кредит алуға өтінім бермесе де, оның атына бөтен біреу несие рәсімдеп жатқан оқиғалар кездесіп жатады. Кейін осы адам шын мәнінде кредит қаражатын алмағанын дәлелдеп әуреге түсетін. Яғни несие алу үшін банк ғимаратына да бармағанын айтып жатады. Қазір ұсынылып жатқан заң жобасында арнайы тармақ енгізілуде. Оның аясында адамдар eGov.kz жүйесі арқылы несие рәсімдеуден алдын ала бас тарта алады», - деді Б. Бейсенғалиев агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Мәжіліс депутатының сөзіне қарағанда, егер адамдар кредиттен ресми түрде бас тартса, онда бұл адам алаяқтардың тұзағына түспейді.

«Нақты бір адам осы мүмкіндікті пайдаланып несиеден бас тартқанымен, кейіннен оның атына біреу кредит рәсімдеп жатса, онда бұл адам бұрынғыдай дәлел айтып, әуре болмайды. Себебі eGov-та осы адамның кредиттен бас тартқаны туралы белгі тұрғанын ескеріп, банк осы заңсыз рәсімделген несие бойынша міндеттемені өшіреді. Атап айтқанда, eGov жүйесінде кредиттен бас тарту туралы белгіні қойсаңыз, онда алаяқтардың сізге «іліп кеткен» қарызына жауап бермейсіз. Ал кейіннен банктен несие алғыңыз келсе, eGov-тан жаңағы тыйым салу белгісін өшіресіз. Бұл қадамдар алаяқтар тұзағына түсіп қалмау үшін керек», - деді депутат.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді