А.Балаева: «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – дарынды жастардың табандылығы үшін берілетін марапат

20.12.2023, 17:15
752
А.Балаева: «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – дарынды жастардың табандылығы үшін берілетін марапат gov.kz

Бүгін Астанада бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас қазақстандықтардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Грант аясында 63 адам өз жобасын Қазақстанда ғана емес шетелде де түрлі салаларда табысты жүзеге асыруда.

Министр Аида Балаева салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтады.

«Біз үлкен өзгерістер дәуірінде өмір сүрудеміз. Жастарға дұрыс таңдау жасау, сенімге лайық азамат болу, өзін-өзі дамыту, оқу және еңбек арқылы табысқа ұмтылу сияқты  ең маңызды жауапкершілік жүктелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дамуына, оларға  жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөледі. Бар үмітіміз - еңбек пен білімнің жолымен жүретін, адамдық қадір-қасиеттің мәнін терең түсінетін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін жастарда. Бүгінгі берілген грант - сіздердің табандылығыңыз бен талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыздың, қоғам үшін маңыздылығыңыз бен өз әлеуетіңізді мойындауыңыздың сыйы. Бұл құрмет одан әрі даму мен ынталануға жетелесін. Әрбір қадамдарыңыз жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға жол ашып, шығармашылық, ғылыми, іскерлік идеяларыңыз еліміздің дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік берсін. Сіздер  Қазақстанды бұдан да зор көркейтетіндеріңізге сенемін!»,- деп құттықтаған министр үздік жобалардың 30 авторына 3 миллион теңгеден грант сыйлығын тапсырды.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 5 бағыт бойынша 3000-нан астам өтінім түсті. Олардың қатарында Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, IT саласындағы ғылыми зерттеулерді, стартаптар мен жобаларды, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған жобалар бар.

Елімізде 1992 жылдан бастап дәстүрлі түрде ғылыми, шығармашылық, креативті қызметпен айналысатын, сондай-ақ спорт саласында жетістіктері бар жастарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы беріледі. Сонымен қатар қазақстандық жас жазушылар мен ақындар Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері атанса, дарынды ғалымдар Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар алады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр