Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол апатына себеп болды

20.12.2023, 18:13
604
Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол апатына себеп болды polisia.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері 2756 мал иесі жауапқа тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Полиция тұрақты негізде қараусыз мал жайылымдарының алдын алу мен мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту, малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Осы жылы полицейлер 2756 мал иесін жауапқа тартты.

Әрқайсысымен қайталанған бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, иесіз мал жол бойында қараусыз жүр.Мысалы, сағат 01:15 шамасында Ертіс ауданы Қызылжар ауылының маңындағы Ленинский – Русская Поляна автожолында Audi 80 көлігінің жүргізушісі жолда жүрген жылқыға соқтығысқан. Учаскелік инспектор жылқы иесін анықтады, ол Қарақұдық ауылының 60 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы тасжолда, Қараөткел ауылының маңында 13 бас жылқы иесіз жайылып жүрді. Учаскелік инспектор 39 жастағы мал иесін анықтады. Республикалық маңызы бар Ленинский – Курчатов автожолында иесіз жайылып жүрген жылқылар жүргізушіге зиян келтіріп, ЖКО-ға себеп болды. 54 жастағы мал иесі, Майтүбек ауылының тұрғыны жазаланды.

– Әрбір мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізу қозғалды, 3-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды. Сондай-ақ мал иелері бүлінген мүлік үшін жүргізушілерге материалдық шығын төлеулері керек, – деп айтылды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

Жалпы өңір аумағында малға арналған 146 мамандандырылған тұрақ жұмыс істейді, онда полицейлер 23 мыңға жуық иесіз малды қамады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады