856

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды
polisia.kz

19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқады.

Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады.

Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.