Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады

20.12.2023, 20:41
576
Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы, әсіресе, түркі мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы туралы кеңінен сөз болды.

Аида Балаева министрлік ақпарат, дін саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғам іс-қимылының тиімді моделін құру, жастар, отбасылық және гендерлік саясат, этносаралық келісім, мәдениет пен архив ісі мәселелерін іске асыру жөніндегі негізгі орган екенін айтты.

«Екі елдің арасындағы мәдениет, ақпарат және жастар саясаты салаларында өзара белсенді іс-қимыл жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасындағы ерекше назар аударатын тағы бір сала - креативті индустрия. Осы орайда, сіздермен аталған бағытта да  тығыз байланыс орнатқымыз келеді», - деді министр.

Өз кезегінде Отто Иван Рона Мажарстанның Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуі аясында бірқатар ауқымды мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрады. Екі елдің мәдени қарым-қатынасы мен достығын насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Мажарстан Опера театрының гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, Қазақстанда кино апталығын өткізу және қазақ-венгр фильмдерін көрсету жоспарланған.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-қимылдардың келешегі туралы пікір бөлісті.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды