Жекеменшік балабақшада 4 жасар қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен

21.12.2023, 10:49
2574
Жекеменшік балабақшада 4 жасар қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен canva.com

Өзбекстан балалар омбудсменінің мәлімдеуінше, Ташкент облысы Келес қаласында тұратын Қ.Т. өзінің 2019 жылы туған қызына балабақшада жыныстық тиісу орын алғанын айтып, шағым түсірген. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Осы өтінішті Бас прокуратурамен бірлесіп зерделеу нәтижесінде Келес қаласындағы жекеменшік балабақшада қызға жыныстық тиісу фактісіне байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы (он алты жасқа толмаған адамға қатысты әдепсіз әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Ташкент облыстық ІІБ ТБ тарапынан алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, З.Б. тұрып жатқан үйінде, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тиісті рұқсат құжатын алмай, лицензиясыз балабақша ашқаны белгілі болды.

Ташкент облысының санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғамдық денсаулық басқармасы аталған үйді тексерген кезде, мұнда санитарлық ережелер өрескел бұзылып, балабақшада жұмыс істеген Г.Қ. мен З.Б. медициналық тексеруден өтпегені анықталды.

Қылмыстық істі тергеу барысында азамат З.Б.-ның лицензиясыз мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашып, жұмыс істеуіне де құқықтық баға беріледі.

«Бұл қылмыстық істі тергеуді облыс прокуратурасы, Бас прокуратура қадағалап, бала мүддесіне қатысты Балалар омбудсменінің бақылауына алынды», - делінген хабарламада.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды