74 жасар қария мен 72 жастағы әжей үйленді

22.12.2023, 10:41
1200
74 жасар қария мен 72 жастағы әжей үйленді Otyrar.kz

Махаббат жасқа қарамайды. Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жасар әжей шаңырақ көтерді. Тіпті олар заңды некесін де қиып үлгерді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар»,- дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.

Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.

«Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкент қаласында белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді»,- Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Ұзақ өмір сүру орталықтарында құжат тапсыру арқылы тегін ем-дом алуға болады. Сонымен қатар,мұнда ерекше жандармен жұмыс істейтін оңалту орталықтары да ашылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды