1575

"2 баласы бар, жалғызбасты ана". Алматыда адамдарды қағып кеткен автобус жүргізушісі туралы не белгілі

Бүгін Алматыда №47 бағыттағы автобус адамдарды қағып кетті. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза болып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды.

"2 баласы бар, жалғызбасты ана". Алматыда адамдарды қағып кеткен автобус жүргізушісі туралы не белгілі
aikyn.kz

Полиция мәліметінше, автобус жолаушысы жүргізушіні ұрған, жүргізуші сол жерде талып қалған. Massaget.kz тілшісі автобус жүргізушісінің әкесімен сұхбаттасты. 

Ермек Шүкібаева 10 жылдан бері жүргізуші болып қызмет етеді. Ол - жалғызбасты ана, 2 баласы бар. Қазір әйел ауруханада.

"Жолаушы ұрып талдырған ғой. Сол кезде басқа жолаушы барып итерген. Ұрған адам есінен танып, өз бетімен кете берген. Қызым 10 жылдан бері жүргізуші болып істейді, троллейбус айдады, кейін автобусқа көшті. 2 баласы бар, жалғызбасты ана. Қызым қазір ауруханада, кіргізбейді. Камерадан нақты ұрғанын көрдім", - дейді жүргізушінің әкесі.