917

Павлодарда қолын ойыншықтан ала алмаған балаға құтқарушылар келді

Шақыртуға бес маман барды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлап отыр.

Павлодарда қолын ойыншықтан ала алмаған балаға құтқарушылар келді
Павлодар облыстық ТЖД

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жасар баланың саусағы пластикалық ойыншыққа  қыстырылып қалған. Ата-анасы ұлының қолын шығара алмаған соң жедел құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған.

Олар саусақты босату үшін ойыншықтың жиегін мұқият бөліп, қолын алып шықты.

Балаға медициналық көмек қажет болмады.