«Bala qorgau» телеграм-ботына 500-ге жуық өтініш келіп түсті

24.12.2023, 10:19
660
«Bala qorgau» телеграм-ботына 500-ге жуық өтініш келіп түсті gov.kz

Ағымдағы жылдың басынан ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bala Qorgau» телеграм-ботына 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сұрақтардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға, балалар мен педагогтер арасындағы қарым-қатынасқа, сондай-ақ жәбірлеуге қатысты болды.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әрбір өтінішке баса ден қойып, әрбір мәселені толық шешілгенге дейін мұқият қадағалайды. Барлық сұраныстар тәулік бойы өңделеді. Ата-аналар мен балалардың құқықтық және психологиялық көмекке мұқтаж екені байқалады. Балаларға психологиялық қолдау шұғыл түрде қажет екені анық. Көптеген жұмыс басты ата-аналар балаларына жеткілікті түрде уақыт пен көңіл бөлмейтіні анық. Осыған орай Комитет ата-аналарды балалармен тығыз қарым-қатынас құрып, барынша көп уақыт бөлуге шақырады. Бұл қайғылы жағдай мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін маңызды», - деп жеткізді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, аталған бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ. Бүгінде әркім
«Bala Qorgau» чатына жүгіне алады, оның QR-коды барлық білім беру ұйымдарында орналастырылған. Бұл ресурс мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған оқушылар мен олардың ата-аналарына көмектесуге бағытталған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды