"Укроп сатқаным үшін боқтап жіберді": танымал журналистен оқырманы кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
24.12.2023, 15:38
4584
"Укроп сатқаным үшін боқтап жіберді": танымал журналистен оқырманы кешірім сұрады жеке парақшасынан

"Айқайға салып, мені боқтап жіберді"

Smart News басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Анна Данченко Instagram парақшасында оқырманының кешірім хатын жариялады.

"Менен кім және не үшін кешірім сұрады?" деген атауымен жарияланған жазбада журналиске белгісіз бір әйел хат жазған.

"Сізден қатты кешірім сұраймын. Бір кездері сіз келдініз жанармай бекетінің терезесіне. Бір нәрсе ұсынған еткенсіз, укроп па екен. Әйтеуір келгеніңіз есімде. Базарға қарама-қарсы жанармай бекеті болды ғой. Бір кезде інім сізге ашуланып қатты бір нәрсе айтып жіберді. Сөйтті де терезені тарс еткізіп жауып алған. Сіз үндемей өз жолыңызбен кетіп қалдыңыз. Тағы да сол ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұраймын", - делінген хатта.

Хаттың астына Анна Данченко сол оқиға расымен өз басынан өткенін, бірақ ешкімге айтпағанын жазды.

"Мен бұл хатты оқып қатты таң қалдым, себебі бұл жағдай расындада басымнан өтті. Бірақ ол жайлы мен ешкімге айтқан жоқ едім. Қателеспесем, ол кезде мен 9 сыныпта оқимын. Әкем жұмыссыз , ал Анам балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеп жүрген еді. Сол кезде жарты жылдап айлық төленбей, біз секілді көптеген отбасылар ақшадан қысылды.

Күн көру керек. Үйіміздің ауласында кішігірім бау-бақша егіп, қияр, қызанақ, аскөк (укроп) өсіретінбіз.

Аралда ауыз су мәселесі де өзекті еді. Көкөністерді суару үшін 3 метр тереңдіктегі құдыққа түсіп, тамшылап тұрған суды бақырашпен шелекке құйып, суық және ылғал жерде сағаттап отыратынмын. Солай, жаз бойы бақшамен айналысып, көкөністермен укропты базарға барып саттық. Ар-арасында ауылдағы кафелерге апаратынмын. Аскөк шоғыры (пучок укропа) бар жоғы 10 теңге тұратын. Кафедегілер бірден 2-3 ден сатып алатын.

Сөйтіп, бір күні укропты сатып аламыз деген кісілер артынша алмай, қолымда 10 шоғыры сатылмай қалды. “Енді үйге қалай барам? Нан алатын ақша жоқ қой”,- деп уайымдап қалдым. Жолда АЗС көріп, ұсынып көрейінші дедім. Терезені қақтым, бір жігіт ашып: “Не керек?”, - деп сұрады. 

“Укроп алмайсыздар ма? Өзіміз өсіреміз”,- деген едім, айқайға салып, мені боқтап жіберді. Мен қатты ыңғайсызданып, ұялып қалдым. 15 жастамын ғой. Не істерімді білмей, көзімнен жас тамады…" - деп өкінішпен еске алды журналист. 

Кейіннен 15 жастағы Аннаны аяған үлкен кісі оған қамқорлық көрсеткен екен.

"Соны байқаған үлкен кісі, көлігінен шығып: “Қызым, жылама, үшуін алайын”,- деді. Қолымдағы ақшамен үйге жүгіріп бардым. Барлығын сата алмасам да, ата-анама кішкене болса да көмектесе алғаныма қатты қуандым. Кейін де ол жігітті көріп жүрдім. Бірнеше рет мазақ етіп: “Укроп бар ма?”,- деп мысқылдап күлетін.

Уақыт өтті. Ол күндер де ұмыт болды. Белгісіз жаннан хат келіп, көп сәттер еске түсті…" - деп жазды.

Десе де, журналист сол балағаттаған адамға ренжімейтінін жаза кетті.

"Мен ешкімге ренжімеймін. Бірақ, ол Әйел адам менен не үшін қазір кешірім сұрап тұрғанын түсінбедім. Ең бастысы - жүрегі таза жан екен, өзі үшін емес, інісінің қателігін түсініп, бір ауыз айтайын деген шығар" - деді ол.

Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі