"Көп қателік жасадым, кешіріңізші": Ырысбала марқұм әкесінің атынан мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Аиса Махамбет Редактор
24.12.2023, 16:51
7202
"Көп қателік жасадым, кешіріңізші": Ырысбала марқұм әкесінің атынан мұқтаж отбасыға баспана сыйлады видеодан алынған кадр

Ырысбала Икрамбай тағы бір отбасыны баспаналы қылды.

Smart News басылымының хабарлауынша,  танымал блогер, 100-ге жуық мұқтаж отбасыға баспана сыйлаған Ырысбала Икрамбай тағы бір мұқтаж отбасыға үй берді. Бұл жолы ол үйді блогер қайтыс болған әкесінің атынан сыйлады. Ырысбаланың айтуынша, ол бұл отбасыға үйді өз қаражатына алып берген.

"Марқұм болған әкем шабандоз Икрамбайұлы Мейрамбектің атынан тарту еткен баспанамыз.

Әкемнің Алла бұл дүниедегі біліп-білмей жасаған күнәсін кешіріп,осы баспанада күлген 6 балапанның жүзіндегі әрбір күлкісі әкеме сауаптан жазылсыншы.

ПАПА … МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ САҒЫНДЫМ.

Сіз кеткенде мектеп оқушысы болған қызыңыздың қолынан қазір біраз шаруа келеді бірақ сіз үшін тек Құрбандық шалып, Құран оқып, Садақа беріп, сауапты іс ғана жасай аламын.

ПАПАУ МЕЙРАМБЕКТІҢ ҚЫЗЫ деген атқа лайық емес көп қателік жасадым, мені кешіріңізші…

Жайыңыз Жұмақ болсын,ұрпағың мұқтаж отбасыға сыйлаған баспанасы Аллам Жұмақтан хан сарайындай баспана сыйласыншы сізге…",- деп жазды блогер.

Блогердің бұл жазбасы оқырмандарының жүрегін елжіретті.

"Мейрамбектің қызы деген атқа әбден лайықсың. Кезінде балалық бәрімізде болды", "Әкеңе де сауабы тиіп, жаны жәннәтта шалқысын", "Ниет қабыл болсын", "Қателеспейтін пенде жоқ" деп қолдау көрсетті блогердің оқырмандары.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды