Дүкеннен брендтік киімдерді балалар арбасына салып алып шыққан әйел құрықталды

25.12.2023, 09:10
684
Дүкеннен брендтік киімдерді балалар арбасына салып алып шыққан әйел құрықталды polisia.kz

Елордада дүкеннен брендтік киімдерді балалар арбасына салып алып шыққан әйел құрықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Полицияға сауда желісінің өкілі жүгініп, белгісіз әйел бутиктен киім алып кеткенін, осылайша 70 мың теңгеге жуық шығын келтіргенін хабарлаған. Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында әйелдің сол жақ жағалауда орналасқан сауда-ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келгені белгілі болды. Ол сауда залында клиент кейпінде киімдерді қарап жүріп, өзіне керектерін таңдап, киіну бөлмесіне кіріп кеткен.

Содан кейін қаскүнем ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп, күрте мен жейдені балалар арбасына салып дүкеннен шығып кеткен. Кейін сатушылардың бірі бөлмеден магниттерді тауып алып, ұрлық жасалғанын түсінген және полицияға хабарлаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа дща қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/dukennen-brendtik-kiimderdi-balalar-arbasyna-salyp-alyp-shyqqan-ajel-quryqtaldy/

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды