Алматыдағы апат: автобус жүргізушісін ұрған жолаушы екі айға қамалды
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше,
24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Еске салайық, Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан бір топ адам қаза тапты.