Үндістаннан табылған Әбілхайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді

25.12.2023, 15:37
720
Үндістаннан табылған Әбілхайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді gov.kz

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Үндістан қорларындағы Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер» атты ғылыми семинар өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жиынға Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігі Свами Вивекананда мәдени орталығы, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ «Жазба жәдігерлер және рухани мұра» ғылыми зерттеу орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары мен тарихшылар қатысты.

Семинарда «Архив-2025» жобасы аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Үндістаннан елге жеткізген тарихи қолжазбалар мен құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, Үндістан қорларындағы әлі де анықталмаған Қазақстан және Орталық Азияға қатысты маңызды тарихи құжаттарды жинау және зерттеу мәселелері талқыланды. 

«Архив-2025» мемлекеттік жобасы  дүниежүзі қазақтарының тарихына  қатысты барлық деректерді жинауға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Өткен жылы Үндістанға ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициясы өте табысты өтті. Орталықтың мамандары, ғалымдар еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды құжаттардың көшірмесін тауып, елге жеткізді. Бұл басы ғана. Себебі Үндістан архивінде қазақ тарихына қатысты мұралар өте көп жинақталған. Алдағы уақытта да жұмыстар жалғасатынына сенімдімін», - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

Семинар барысында Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди үнді елінің Патна кітапханасы қорынан табылған парсы тіліндегі «Тарих-и-Абул хаир хан» және «History of Mongols» кітаптарының көшірмесін  тапсырды.

«Ата-бабаларымыз ортағасырлардан бері мәдени байланысын үзген жоқ. Үнемі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғанын қазіргі Үндістанның архив, кітапхана қорларынан табылып жатқан тарихи құжаттар айқындайды. Бүгін Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына екі кітаптың көшірмесін тапсырдық. Қазақстанның зерттеуші ғалымдары кітаптарды аударып, зерттеу жүргізсе көптеген құнды мәліметтер таба алады деп сенемін. Қазір ғана тарихшы, ғалымдардың қазақ пен үнді қарым-қатынасы туралы зерттеу жұмыстарын естіп өте қатты қуанып отырмын. Сіздерде мықты ғалымдар көп. Біз бір-бірімізге қолдау көрсету арқылы тарихты зерттеуде көптеген жетістіктерге жетеміз», - деді Санджай Веди.

Сонымен  қатар   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра»  ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD докторы Өмір Оразұлы дала элиталарына арнайы жазылған ортағасырлық түркі медициналық трактаттарының көшірмесін тапсырды. Олардың қатарында Көшім ханның жеке дәрігері болған Сұлтāн Әлӣ әл-Хурасанӣдің «Дастӯр ал-‘илāж» («Емшілік дәстүрі») атты трактаты мен шайбанилердің ханы Абдаллатифтің жеке дәрігері Мулла Мухаммад Иусуфтың «Зубдат ал-каххалин» («Көз дәрігерлерінің қаймағы») еңбегі бар. Ғалым қазақ тарихына, оның ішінде халықтық медицина саласына қатысты құнды трактаттар Үндістан Республикасының қорынан анықталып,  зерттелгенін мәлімдеді.

Семинар аясында 2022 жылы Үндістаннан елге жеткізілген құжаттардың «Үндістан Ұлттық архивіндегі қазақ көшіне қатысты құжаттар» көрмесі таныстырылды.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді