768

Ақтаулық полицейлер ұрлық қылмысының бетін ашты

Ақтау полициясы ұрлық қылмысын ашты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақтаулық полицейлер ұрлық қылмысының бетін ашты
polisia.kz

Ақтау қаласы аумағында орналасқан гараждардың бірінен станок және басқа да құрал-жабдықтар қолды болған, күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жәбірленуші Ақтау қаласы полиция басқармасына арызбен жүгінді. Келтірілген материалдық шығын – 5 млн теңге. 

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлыққа қатысы бар 44 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу мүддесінде өзге мәлімет жария етілмейді.