Ұлттық олимпиада комитетіне спортшыларды дайындауға ақша бөлінбейтін болды

25.12.2023, 17:42
594
Ұлттық олимпиада комитетіне спортшыларды дайындауға ақша бөлінбейтін болды Olympic.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысынан кейін журналистер сұрағына берген жауабында Ұлттық олимпиада комитетінің келешектегі мәртебесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

 

«Ұлттық олимпиада комитеті негізінен Халықаралық олимпиада комитетінің статусымен бекітілген. Әр елде халықаралық спорт ұйымдарымен байланыс орнататын ұлттық олимпиада комитеттері бар. Бізде де енді солай өзінің тікелей жұмысымен ғана айналысады. Өзіңіз білесіз, кейінгі алты жылдың бес жылында Ұлттық олимпиада комитеті спортшыларды дайындаумен де айналысты. Қазір ол функцияларды заң арқылы алып тастаймыз. Осыдан кейін тек қана халықаралық ұйымдармен байланыс бағытында жұмыс істейтін болады», - деді ол.

Вице-министр Олимпиадаға спортшыларды дайындау үшін аталған 5 жылда Ұлттық олимпиада комитетіне қанша қаражат бөлінгенін нақты атай алмайтынын айтты.

«Оны қазір нақты айта алмаймын. Себебі менің бұл қызметке келгеніме бір ай болды. Былтырдан бері Ұлттық олимпиада комитеті Олимп ойындарына спортшы дайындау бюджетінен шеттетілген. Ол функцияны қазір біздің министрлік құрылымындағы спортты дамыту дирекциясы атқарады. Енді соны заң аясында бекітіп тастасақ деп отырмыз», - деді Серік Жарасбаев.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты