1260

Қостанайда жоғалған әйел мен немересінің денесі табылды

26 желтоқсан күні Қостанай облысында қарлы боранда жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің денелері табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қостанайда жоғалған әйел мен немересінің денесі табылды
ашық дереккөзден

Әже немересімен Тобыл қаласына барамыз деп сағат 07.00 шамасында үйден шығып кеткен. 

Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірген болатын. Сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылған еді.

Еске салайық, Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кеткені хабарланған болатын. Құтқарушылардың мәліметінше, 1965 жылы туған Наталья Шамарова мен 2012 жылы дүниеге келген Яна Салихова кеше жоғалған.