753

Өзбекстанда өткен рапидте Магнус Карлсен әлем чемпионы болды

Магнус Карлсен осымен бес дүркін әлем чемпионы атанды

Өзбекстанда өткен рапидте Магнус Карлсен әлем чемпионы болды
PressPhotoUz

Smart News басылымының хабарлауынша, әйгілі шахматшы Магнус Карлсен Самарқандта өткен рапидтен әлем чемпионы болды. Бұл туралы gazeta.uz басылымы жазды.

Самарқандта жылдам шахмат-2023 бойынша аяқталған әлем чемпионатында қатты сенсация болды. Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен бесінші рет рапидтен әлем чемпионы атанды. Матчтардың нәтижесінде ол 13 ұпайдан 10 ұпай жинаған.

33 жастағы норвегиялық шахматшы Магнус соңғы раундта үндістандық Рамешбабу Прагнанандхамен тең түсіп, өзге қарсыластарынан асып түсті.

Материал авторы